Операторсыз жұмыс істейтін ХҚКО ашылады

848

 Операторсыз жұмыс істейтін ХҚКО ашылады

Астанада операторсыз жұмыс істейтін digital халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады. Бұл туралы парламент мәжілісіндегі үкімет сағатында ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев айтты. Онда операторлардың қатысуынсыз мемлекеттік қызметтерді толықтай автоматтандырылған режімде алу қарастырылған.

"Цифрлық халыққа қызмет көрсету орталығын ашу мемлекеттік қызметтердің жаңа форматына көшудің бір кезеңі болады. Осы орайда азаматтар өзіне қызмет көрсету секторлары мен арнайы стендтердегі планшеттер арқылы электрондық өтінімдерді береді", - деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу