banner

Оралман мәртебесінің мерзімі үш айға ұзарады

771

Оралман мәртебесінің мерзімі үш айға ұзарады

Атажұртқа оралған қандастардың өтініші бойынша оралман мәртебесін үш айға ұзарту көзделіп отыр. Бұл туралы бүгін мәжілістің жалпы отырысында депутат Айгүл Нұркина айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Елбасы жол ашып берген ұлы көшпен атажұртқа оралған қандастарымыздың тағы бір өзекті мәселесі шешімін тапқалы отыр. Себебі қазіргі таңда шетелден келген мыңдаған оралман объективті және субъективті себептермен қолданыстағы заңнамада қарастырылған бір жыл ішінде Қазақстан азаматтығын алуға қажетті құжаттарын жинап, тапсырып үлгере алмай қиындық көріп жүргендігі белгілі. Бұл жөнінде олар парламентке талай рет хат жазып, оралман мәртебесінің мерзімін ұзарту жөнінде өтініш білдірген болатын", — деді депутат заң жобасын талқылау барысына.
Осы түйткілді мәселені шешу үшін көші-қон заңына тиісті өзгерту енгізілмек. 
"Міне, өзекті мәселені шешу мақсатында халықтың көші-қоны туралы заң жобасының 11-бабына тиісті түзету енгізіліп, алыстан келген ағайынның өтініштері бойынша оралман мәртебесін үш айға ұзарту көзделіп отыр", — деді депутат.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу