Орталық Азия елдерінде даму байқала бастады

1339

Орталық Азия елдерінде даму байқала бастады

Биыл Орталық Азия елдерінде мұнайдың арқасында экономика өсіп, Еуропада құлдырайды. Өйткені, еуровалютаға таңылған елдерде экономикалық белсенділік азаяды. 2018 жылға болжам жасаған Дүниежүзілік банктің деректері осындай, деп хабарлайды КТК.

Халықаралық қаржы ұйымының болжауынша, жалпы құрлықтың екі бөлігін қоса алғанда экономикалық өсім қарқыны былтырғыға қарағанда 0,8 пайызға төмендейді. Дегенмен, Орталық Азия елдерінің қайта қалпына келуіне мұнай экспорттаушы елдердің септігі тиеді екен. Экономиканың әлсіреуі әлемнің дамыған елдерінде де сезілейін деп тұр. Өйткені, бұл елдердегі ірі банктер дағдарысты жоюға бағытталған бағдарламаларға қаржы бөлуді біртіндеп азайтып барады. Бұл кері нәтиже бермей қоймасы анық.

Қазақстан Орталық Азия елдерінің қатарына кіргенімен, қарқынды дамуға бірқатар фактор кедергі жасап тұр дейді мамандар. Олардың пікірінше, ел экономикасында квазимемлекеттік кәсіпорындардың көбейіп, кәсіби мамандардың жетіспеуі, сонымен қатар, өңірлердегі экономикалық белсенділіктің төмендігі де қолбайлау болып отыр екен. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу