banner

Өскеменде 22 мектепке жаңа автобус берілді

1202

Өскеменде 22 мектепке жаңа автобус берілді

Өскемен әкімі Даниал Ахметов өңірдегі 22 мектептің директорына су жаңа авто­бустардың кілтін салтанатты түрде табыс етті, деп хабарлайды egemen.kz.

DAEWOO BSD 106 маркалы автобустар Семей қала­сындағы "СемАЗ" көлік зауытында құрастырылған. Жолау­шылар көлігі қауіпсіз тасымалдың барлық талаптарына жауап береді. Қазіргі таңда облыста мектеп оқушы­ларын тасымалдауға арналған 193 автобус бар екен. Аймақта "Мектеп автобусы" бағдарламасымен автопарктердің жаңартылып жатқанын да ерекше атап өтуге болады. Салтанатты рәсімде сөз алған өңір басшысы қазіргі күні шығыстағы барлық мектептер автобуспен толық қамтамасыз етілгенін, көліктер өзіміздің облыста құрастырылып жатқанын тілге тиек етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу