Өскеменде медициналық импланттар жасалатын болды

767

Өскеменде медициналық импланттар жасалатын болды

Медициналық импланттар енді өзімізде жасалады. Ол үшін Өскемендегі техникалық университет титан мен тантал, ниобий және магнийден медицинаға қажет құрал-жабдықтарды пішіндеп құятын соңғы үлгідегі 3Д сканер мен 3Д принтер әкелді, деп хабарлайды 24.kz.

Елімізде бұған дейін денсаулық сақтау саласында сүйек алмастыру  бағыты  кенжелеп келді.  Қажетті шикізаттың бәрі болғанымен  оны терең өңдеп, медициналық имплантатцияға жаратылмады.  Ғалымдар  түрлі жобаларды  ұсынғанмен, өндірістік қолдау таппағындықтан  зертханадан ары аспады. Енді бұл мәселенің  түйіні шешілді. 

Техникалық  университке  ғылымды қолдау бағыты бойынша  републикалық бюджеттен  2 млрд 700 млн теңге бөлінген. Бұл қаржыға түрлі металдардадан жаңа қорытпа жасап шығаратын  құрылғылары алынды. Ғылыми-өндірістік алаңға қойылған құрал-жабдықтардың бәрі бастан аяқ автоматтандырылып, интернетке қосылған. Әзірше мамандар жамбас, тізе, беломыртқаның буындарына қойылатын импланттарды құрыштан  құйып шықты. Қазір ол емханалық  тәжірибеден өткізіліп жатыр. 
"Металдардың қорытпасы дайын. Алғашқы имплантты сынақтан өткізу үшін дәрігерер  қоянға салды. Оның қорытындысы үш айдан соң белгілі болады.  Егер тәжірибе  нәтижесі бәрі дұрыс болса, біз нақты іске кірісеміз", - дейді физика-математика ғылымдарының докторы, професcор Сергей Плотников.
Соңғы бірнеше жылда  буын сүйектерін  ауыстыру операциялары барлық облыста жасала бастады. Бірақ қажетті импланттар  шет елден  алынатындықтан  науқастар  талай жыл кезек күтуге мәжбүр болды.  Сондықтан травматолог-дәрігерлер өзімізде өндірілген  сүйекті  алмастыратын  құралдардың  қолданысқа енуін асыға күтіп отыр.

"Бүгінде тек  біздің аурухана бойынша  жамбас, пен ұршық басының сүйегін ауыстыртуға  500-ге  жуық, ал тізедегі буынды емдетуге 850 адам кезекте тұр. Бірақ  жыл сайын біз 400-ге жуық науқасқа операция жасаймыз", - деді облыстың бас ортопеді Сергей Карасев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу