Отарда өтетін парадқа 3 мыңнан аса әскери қызметкер қатысады

906

Отарда өтетін парадқа 3 мыңнан аса әскери қызметкер қатысады

7-мамыр күні Қазақстан Қарулы Күштері Бас қолбасшы алдында кәсіби қабілеттерін көрсетпек. Елдің тұтастығы мен егемендігін сақтайтын сарбаздар сынағы Жамбыл облысында өтеді, деп хабарлайды almaty.tv.

Отан қорғаушылар күні Бас қолбасшы - елбасының қатысуымен өтетін парад дәл осы жерде өтеді. Сарбаздар мен офицерлердің жауынгерлік дағдысы мен кәсіби шеберліктерін көрнекі түрде көрсетіп, Қазақстан армиясында қолданылатын қазіргі заманғы қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалану мүмкіндігін шынайы түрде жүзеге асыру болып табылады.

Ауқымды түрде атыс алаңында парад осыдан бес жыл бұрын өткен. Бұл жолы С-295 турбиналы-винттік ұшақтары, Су-30 бомбалаушы ұшақтар, ракеталық соққы беретін Ми -35 сынды барлығы 30-дан астам әуе машианалары түрлі деңгейде тапсырмаларды орындайды. 

"Десантты шабуылдаушы әскерлер тек пикапты ғана әкелген жоқ. СИ-295 ұшағынан 800, 1000 метрден парашюттен секіреді. Зениттік құрылғылардан атады. Десантшылар Талдықорған, Қапшағай және Астанадағы ең мықты деген алғы шептегі азаматтар таңдалып алынды", - дейді  1993 десанттық шабуылдаушы әскерлерінің рота командирі Бекжан Мұхтарбек.  

Бітімгерлік әскері, теңіз жаяу әскері, барлаушылар, шабуылдаушы  құрлық әскері сынды  оншақты рота сап түзеп қана қоймай,  президенттің алдындағы парадта қабілеттерін де көрсетеді. Т-72 танкісі, БТР-82, жаяу жауынгерлерді сүйемелдейтін бронды машиналардың қатысуымен айқас  ұйымдастырылады. 

"Техникалардың барлығы қатысып жатыр. Танктер, БПМлар, Арлан, ПИКАП экипаждары өздерінің кәсіптерін көрсетіп жатыр атыс жағынан. Жаттығу 7 мамырға жоспар бойынша өтеді", - деді ҚР Қарулы Күштері оңтүстік өңірлік қолбасшысының орынбасары  Тұрдалы Тұрғынбаев.

Ауқымды түрде шеру жасау қомақты қаржыны талап еткендіктен бұндай шаралар Тәуелсіз Қазақстан тарихында осымен тек екінші рет қана өткізілмек. Бұл жолы парадқа 3 мыңнан астам әскери қызметкер мен 300-ден астам атыс техникасы,  30-ға жуық әуе машиналары қатыспақ. Бас-аяғы 70 шақырымдық Мәтібұлақ полигонындағы армияның  соңғы дайындығы мамырға дейін жалғаспақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу