banner

Қосарланған азаматтық үшін шамамен 600 адам жазаға тартылды

722

Қосарланған азаматтық үшін шамамен 600 адам жазаға тартылды

ҚР парламент мәжілісінің депутаты Нұрлан Әбдіров қосарланған азаматтық мәселесін көтерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қосарланған азаматтық маңызды проблемалардың бірі болып отыр. Конституцияда Қазақстан азаматтары өзге мемлекеттің азаматы болып мойындалмайды делінген. Дегенмен, республика азаматтарының біздің еліміздің азаматтығынан шықпастан шетел азаматтығын алу жиі кездесіп жатады", - деді Нұрлан Әбдіров мәжілістегі үкімет сағатында.

Мәжіліс депутатының айтуынша, ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 2017 жылы қосарланған азаматтық үшін шамамен 600 адам жазаға тартылған.

"Біздің азаматтарымыздың өзге елдің азаматтығын алуы мәселесі бойынша шетелдік дипломатиялық өкілдерімен тұрақты байланыс орнату қажет", - деп атап өтті Нұрлан Әбдіров.

Оның айтуынша, Қазақстан азаматтығына қабылдау, сонымен қатар жеңілдетілген тәртіппен оны алу барысында шетелдік азаматтықтан шыққандығын дәлелдейтін құжаттарды ұсыну талаптарын бекіту туралы мәселені қарастыру талап етіледі.

"Айта кетейін, 2017 жылы біздің еліміздің азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен 30 мыңнан астам адам алды", - деді мәжіліс депутаты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу