Пәкістанда 19 жылда алғаш рет халық санағы өтеді

1076

Пәкістанда 19 жылда алғаш рет халық санағы өтеді

15 наурыз бен 25 мамыр аралығында Пәкістанда жиырма жылға жуық уақыт ішіндегі алғашқы халық санағы өтеді, деп хабарлады дүйсенбі күні жергілікті ақпарат құралдарына сілтеме жасаған Интерфакс.
Пәкістан тарихындағы алтыншы рет өткелі отырған санақ 15 наурыз сәрсенбі күні басталып,  25 мамырда аяқталады.
Санақты арнайы оқытылған 300 мыңнан астам мемлекеттік қызметкер мен әскери жүргізеді
Ақпарат құралдарында айтылғандай,  жалған ақпарат берген азаматтар алты айға дейін түрмеге қамалып, сондай-ақ 50 мың пәкістан рупиі (480 АҚШ доллары) көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.
Пәкістанда соңғы рет халық санағы 1998 жылы өтті. Ол кезде елдегі халық саны  180 млн адам болған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу