banner

Павлодарда 144 отбасы баспаналы болды

634

Павлодарда 144 отбасы баспаналы болды

Павлодарда Тәуелсіздік күніне орай тоғыз қабатты баспана пайдалануға берілді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Кутузова көшесі, 233 мекенжайындағы 4 подъезді 144 пәтерлі тұрғын үй "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында бой көтерді.

"Бүгін біз қасиетті мереке қарсаңында қуанышқа ие болып отырмыз, - деп тұрғындарды құттықтады Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов. – "Нұрлы жер" аясында біз осыған дейін бес көпқабатты баспананы қолданысқа енгіздік. Бірнеше жыл бұрын осы жер бос жатқан еді, бір жарым жыл ішінде зәулім үйге айналды. Пайдалануға берілгелі тұрған тұрғын үйдің маңында "Рухани жаңғыру" инсталляциясы орналасқан. Ол да көшеге көрік сыйлайды. Елімізден береке мен бірлік кетпесін. Мереке баршаңызға құтты болсын".

Жаңа баспана сатып алу құқығымен жалдамалы болып табылады. Бір шаршы метрі 1060 теңгені құрайды. Үй құрылысын "Байтерек Девелопмент" АҚ инвестициясына "Шаңырақ – 14" ЖШС жасады. Құрылыс құны бір миллиард 595 миллион теңге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу