Павлодарда алғашқы жылы аялдама пайда болды

762

Павлодарда алғашқы жылы аялдама пайда болды

Павлодарда жекеменшік-серіктестік аясында "Орталық әмбебап дүкен" аялдамасында алғашқы жылы аялдама пайда болды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Нысанды құрастыруға  10 күндей уақыт кетті, - дейді қалалық сәулет және қала салу бөлімінің басшысы Назар Жұмабеков. -  Бұған дейін кеңесте эскиз жобасы қарастырылып, бектілген. Жылы павильондарды тұрғызу бойынша ұсыныс тасталған болатын. Жергілікті "Мазур" жеке кәсіпкерлігі  қолдау білдіріп, жасап шығарды. Қала бойынша иесі жоқ павильондар мен аялдамалар бар учаскелерді анықтау бойынша конкурстық шаралар жүргізілді. Нәтижесінде мұндай 23 учаске анықталып, 10-ы  жер  телімін  жалға алу құқығымен аукцион арқылы сатылды. Кешен,  аялдама мен павильон міндетті түрде жеке орналасуы керек".

Бөлім басшысының айтуынша, кәсіпкерге жер телімін пайдалану құқығы үш жылға,  ал  істі ойдағыдай жүзеге асырған жағдайда 10 жылға дейін жалға беріледі.  Есесіне, бизнесмен бұл  жерде сауда-саттық жасап, жарнама компанияларымен жұмыс істеудің арқасында табыс  табады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу