Павлодарда қайырымдылық трамвайы жолға шықты

758

Павлодарда қайырымдылық трамвайы жолға шықты

"Павлодардың мейірімділер клубы" және "Трамвай басқармасы" АҚ қайырымдылық акциясын ұйымдастыруда, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Біз облыс орталығына үш күнге қайырымдылық трамвайын шығару туралы ұсыныспен басқармаға жүгіндік, - дейді ерікті Екатерина. – Осы вагонда жүру үшін  төленген барлық ақша ауыр дертке шалдыққан балаларға тапсырылады. Ақционерлік қоғам басшылығы тарапынан қолдау тапқанымызға өте қуаныштымыз. Ерекше вагонды тану қиынға соқпайды. Себебі, сырты мен ішіне басқа біреудің қайғысына немқұрайлы қарамауға шақыратын плакат жабыстырамыз".

Акция 25, 26 және 27 қазан күндері өтеді. №5 бағыттағы вагондардың біреуі қайырымдылық шараларына арналады. Мұндай трамвай өзінің әдеттегі кестесі бойынша жұмыс істейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу