Павлодарда тасқынның алдын алу шарасы атқарылып жатыр

830

Павлодарда тасқынның алдын алу шарасы атқарылып жатыр

Павлодар қаласында жеке меншік секторларда үйіліп қалған қарды сыртқа шығару үшін 32 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. 

"Қала бойынша су басуы мүмкін бірнеше аймақ бар. Қажет кезде ол жерлерге арнайы техника мен мамандарды жіберуге дайынбыз. Сонымен қатар Ленин кенті мен Кенжекөл ауылында орналасқан дамбаларды жеке меншікке алып, бақылау жүргіземіз. Аталмыш су бөгеттері ТҮКШ бөлімінің қарауына беріледі", - дейді шаһар басшысы Нұржан Әшімбетов.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Павлодарда тасқынның алдын алу бойынша 1000 техника, 100 текше метр қиыршық тас пен 200 текше метр құм дайын тұр. Биылғы жылы жауған қар деңгейі әдеттегі көрсеткіштен 30 пайыз жоғарылап, 24-26 сантиметрге жеткен. Осы уақытқа дейін қала ішінен 1,2 млн тонна қар сыртқа шығарылды.    

Облыстық ТЖД басқармасының бастығы Әлібек Длимовтың айтуынша, аудандар мен қалаларда 54 мың қап топырақ пен сегіз мың тоннаға жуық инертті материалдар бар. Павлодар, Железин, Лебяжі, Май және Шарбақты аудандары қажет кезде тұрғындарды азық-түлікпен қамтамасыз ететін болады. "Эвакуациялау жұмыстарын жүргізуге 154 пункт сақадай сай. Бұл - мәдениет үйлері, ауруханалар мен білім ошақтары", - дейді ол.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу