Павлодар - Баянауыл әуе рейсінің бағасы белгіленді

1025

Павлодар - Баянауыл әуе рейсінің бағасы белгіленді

Павлодардан Баянауылға әуе рейсі ашылады. Шағын авиацияны қабылдауға арналған әуежай да дайын болды, деп хабарлайды abctv.kz.  
"Қазір салалық министрлікпен (инвестициялар және даму министрлігі) тығыз жұмыс істеп  жатырмыз. Үздіксіз ұшу үшін министрлік бізге ұшақ сатып алады. Авиабилеттің бағасы арзан болғандықтан, келушілердің саны ұлғаяды деп ойлаймын, өйткені көлікпен үш-төрт сағат жүргенше, ұшақпен 40 минутта келген әлдеқайда тиімді", – дейді Павлодар облысы Баянауыл ауданының әкімі Оразгелді Қайыргелдинов.
Павлодардан Баянауылға ұшатын әуе рейсінің бағасы 10 мың теңге болмақ. Ал жақын орналасқан қалалардан ұшып келу билеті қанша болатыны туралы мәселе әзірге шешілген жоқ. Баға инвестициялар және даму министрлігінің  тұрақты рейстерді бекітуіне байланысты болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу