Павлодарға жаңа трамвайлар әкелінді

673

Павлодарға жаңа трамвайлар әкелінді

Ертіс өңіріндегі трамвай шаруашылығын жаңғырту жобасы аясында жаңа қоғамдық көліктер жеткізіле бастады. Оларды павлодарлық кәсіпорынның тапсырысымен Беларусь компаниясы жасаған, деп хабарлайды khabar.kz.
Вагондар заман талабына сай құралдармен жабдықталған. Жаңа жолаушылар көлігі аймақтың қытымыр аязына төзімді. Әр вагон бейнекамерамен жарақталған. 
Айта кетейік, қазіргі уақытта Минскідегі зауытта тағы 20 трамвай құрастырылып жатыр. Оны жүзеге асыруға 4 млрд теңгеге жуық қаржы қарастырылған. Тозған рельсті көліктердің 80 пайызы 3 жыл ішінде біртіндеп жаңартылуы қажет. 
Бүгінде күнбе күн жолға шығатын 106 вагон халықты 11 бағыт бойынша тасымалдайды. Трамвай жолдарының жалпы ұзындығы – 90 шақырымға жуық. 
"23 трамвайдың бірінші үшеуі болады. Олар келген соң онымен тоқтауға болмайды. Бұл трамвай электр энергиясын 40% үнемдеп жүреді. Оның жүйесі жаңа, заман талабына сай орнатылған", – дейді Павлодар трамвай басқармасының басшысы Айтуар Жанғазин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу