Павлодарлық фабрика кондитерлік өнімнің 45 түрін шығарады

1123

Павлодарлық фабрика кондитерлік өнімнің 45 түрін шығарады

Павлодарда "Вкусный мир" кондитерлік фабрикасы 45 түрлі өнім шығарады, Бұл туралы агенттікке фабриканың директоры Александр Эскиджян айтып берді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Вкусный мир" фабрикасына үш жарым жыл, - дейді Александр Эскиджян. – Бұрын әйелім үйде тәттілер пісіріп, саудалайтын едік. Кейін "Даму" бағдарламасы арқылы несие алуға болатыны туралы білдік. Осылайша, жылдық алты пайызбен бес жылға 9 миллион теңге несие алдық. Басында өз өнімдерімізді шағын дүкендерге жеткізетінбіз. Ісіміз алға  басқаннан кейін облыс көлемінде және Семей, Астана өңірлеріне шыға бастадық. Қазір Карасук, Славгород, Құлұнды сияқты Ресейдің нарығына тасымалдауды жоспарлап отырмыз. Біздің фабрика жоғары сапасымен ерекшеленеді. Егер де басқалары рапс және пальма ағашының майларын қолданса, біз тек қана сапалы ингредиенттерді қосамыз. Бастапқы кезде тәулігіне 30-50 келі жасайтынбыз, қазір күніне 600-700 келі өнідіріледі. Біздің фабрика өнімнің 45 түрін шығарады. Оның ішінде қатпарлы, ашытқы қосылған және тағы басқа түрлері бар".

Бизнесменнің айтуынша, алдағы уақытта шағын және орта бизнесті дамыту бағдарламасы аясында несиеге 18 млн теңге алып, қант қосылған печенья шығару ойда бар.

"Қазіргі таңда біз Омбы және Новосібірмен жұмыс істемейміз, - дейді Александр Эскиджян. – Себебі бұл өңірлер алыс орналасқан. Ал біздің өнім жылдам бұзылып кетеді. Ал қант қосылған печенье апаруға болады. Оларға бізден алған анағұрлым тиімді. Біздің өнім тек сапа тұрғысынан ғана емес, рубль курсының арқасында  бағасы да қолайлы. Тәулігіне бір тоннадан бір жарым тоннаға дейін тасымалдауға қол жеткіздік. Қазіргі таңда кәсіпорында 19 маман жұмыс істейді".

 Оның ішінде технолог, кондитер, сатушы және цех шеберлері бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу