Павлодарлықтар әлеуметтік мәртебесін анықтап жатыр

870

Павлодарлықтар әлеуметтік мәртебесін анықтап жатыр

Павлодар қаласында 7 мың адамның әлеуметтік мәртебесі egov.kz электронды үкіметке тіркелген. Бұл туралы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталығының басшысы Арман Смайылов айтты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Тұрғындардың әлеуметтік мәртебесін өзектендіру және рәсімдеудің басты міндеті – кірістердің тіркелуін, салықтардың төленуін және халықтың зейнетақымен қамтамасыз етуін, әлеуметтік медициналық сақтандыруын анықтау, - деді Арман Смайылов. – Бүгінде 47336 адамның 7000-ы электронды үкіметке тіркелді. 30 мың адам біздің жүйемізде бар, бірақ тіркелмеген. Қалғандарының әлеуметтік мәртебесі әзірге белгісіз. Қазіргі кезде тұрғындарға осы жұмыс бойынша хабарламалар беріледі, сауалнама жүргізіледі, аулаларды аралап түсіндіріледі".

Қалалық жұмыспен қамту орталығының маманы Аманбек Ұнатұлы соңғы екі аптада орталыққа тұрғындардың көп келіп жатқанын жеткізді.

"Өйткені, біздің мамандар адамдардың үйлеріне барып хабарлама беруде, - деді Аманбек Ұнатұлы. – Хабарламаны алған соң тұрғындар тек төлқұжатын алып бізге келсе жеткілікті. Біз мәртебесін анықтап, тіркеп береміз. Бүгінгі таңда күніне 80-90 адам келіп, өздерінің әлеуметтік мәртебесін анықтайды. Соңғы екі аптада 870 адам келді. Олардың 300-ге жуығы - жұмыссыздар. Оның 250-і жұмыссыз азаматтар ретінде базаға тіркелді. Мұндай жағдайда біз бос жұмыс орныдарына бағыттаймыз, тегін курстарға жібереміз. Соның арқасында 120 адам жұмысқа орналасты".

Айта кетейік, әр адам өзінің әлеуметтік мәртебесін egov.kz электронды үкіметіне ЖСН енгізу арқылы немесе жергілікті жұмыспен қамту орталығынан біле алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу