Перинаталдық орталыққа 27 миллион теңгенің аппараты сыйға берілді

778

Перинаталдық орталыққа 27 миллион теңгенің аппараты сыйға берілді

Талдықорғандағы облыстық перинаталдық орталыққа жалпы құны 27 млн 104 мың теңге тұратын екі аппарат сыйға берілді. Мұндай қайырымдылықты Болат Өтемұратовтың қоры жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өкпені жасанды тыныс алдыратын құрал перинаталдық орталықтың тапсырысы бойынша сатып алынған.  Себебі облыста шала туған сәбилердің саны артуда.  Олар үшін бұл аппараттың маңызы зор екен. Мәселен былтырдың өзінде облыстық перинаталдық орталықта 350 сәби шала туған. Ал 2016 жылы олардың саны 300-ге жетіпті. Жаңа жылдан бері 4 сәби уақытынан бұрын дүниеге келген. Олардың салмағы 700-900 грамм.

"Болат Өтемұратовтың қоры сыйға берген аппарат  біздің орталық үшін аса қажет. Бізде мұндай  қондырғы бұған дейін де болды. Бірақ қордың берген аппараты соңғы үлгіде. Өздігінен демала алмайтын шақалақтардың өкпесі осы аппарат арқылы жұмыс істейді және қондырғы барлық қажетті температураны автоматты түрде таңдайды", - дейді облыстық перинаталдық орталықтың директоры Қанат Жұмашев.

Айта кету керек, Болат Өтемұратовтың қоры жылда қайырымдылық жасаумен айналысуда. Олар қалталы азаматтар мен беделді компанияның өкілдері арасында түрлі  шаралар  ұйымдастырып, сол жерден жиналған қаражатқа медициналық мекемелерді қажетті жабдықтармен қамтуда. Бұдан бұрын Орал және Ақтөбенің медициналық мекемелеріне қажетті қондырғыларын сатып алып берген. Және мұндай игі іске кез келген адамның қатысуға мүмкіндігі бар екенін айтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу