Перуде жол апатынан 44 адам көз жұмды

680

Перуде жол апатынан 44 адам көз жұмды

Перуде жолаушылар автобусының апатқа ұшырап, салдарынан 44 адам қаза тапты, деп хабарлайды 24.kz. 

Қайғылы оқиға елдің оңтүстігіндегі Арекипа департаменті аумағында болған. Халықаралық рейстерге қатынайтын автобус жылдамдықты шектен тыс арттырып, 100 метр биіктіктен құлаған.

Перу президенті Педро Пабло Кучински оқиғаға байланысты зардап шеккендер мен қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу