Петропавл қаласындағы ботаникалық бақ бірқазанмен толықты

1046

Петропавл қаласындағы ботаникалық бақ бірқазанмен толықты

Петропавл қаласындағы ботаникалық баққа Есіл ауданының тұрғыны бірқазан құсын әкеліп, тапсырды, деп хабарлайды khabar.kz.

Өңірде сирек кездесетін құс жылы жаққа ұша алмай, зейнеткердің бақшасына қонып қалған екен.

Мал дәрігерінің айтуынша, бұл – биылғы балапан. Қауырсыны қатпаған құс. Қазір ол жекежайға жайғастырылған. Бірқазан күніне 3 келіге дейін балық жейді.

Жалпы биыл ботаникалық баққа мұз құрсауында қалып қойған тағы 4 аққу жеткізілді.

"Енді олардың табиғатқа оралуы екіталай", – дейді мамандар. 

"3 жыл бұрын бір бірқазан болды. Ол аққуларды қанатымен ұрып, тыныштық бермейтін. Ал мынау жуас. Әлі жас қой. Өзі көңілді. Адам қолына үйренген құс өз ортасына оралмайды", - дейді ботаникалық бақтың зоотехнигі Сергей Шишкин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу