banner

Петропавл қаласының тұрғыны шағын бульдозер құрастырып шығарды

511

Петропавл қаласының тұрғыны шағын бульдозер құрастырып шығарды

Петропавл қаласының тұрғыны Дмитрий Клишин шағын бульдозер құрастырып шығарды, деп хабарлайды 24.kz. 76 жастағы зейнеткер онымен көшесін қардан тазартып, көктемгі тасқынның алдын алады.

Ең қызығы, техника тек қолда бар материалдан жасалған. 76 жастағы зейнеткер Дмитрий Клишин қар жауса, сары уайымға салынбайды. "Шағын бульдозерін" оталдырып, көшесін тап-тұйнақтай тазалап тастайды. Оны өзі құрастырған.

Дмитрий Клишин 30 жыл жүргізуші болып жұмыс істеген. Сондықтан көлікке деген махаббаты ерекше. Гаражында 1956 жылғы "Газ-69" темір тұлпары тұр. Онымен жазда ғана жүреді.

Зейнеткердің көшесін көктем сайын су басады. "Шағын бульдозермен" қардың барлығын шығару мүмкін емес. Енді ол "көмекші" көлігіне қуатты қозғалтқыш орнатпақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу