Пхенчхан қаласында норовирус жұқтырғандар саны 244 адамға жетті

633

 Пхенчхан қаласында норовирус жұқтырғандар саны 244 адамға жетті

Олимпиада ойындары өтіп жатқан Пхенчхан қаласында норовирус жұқтырғандар саны 244 адамға жетті, деп хабарлайды 24.kz.

Естеріңізге сала кетейік, вирустың тез жайылып кетуіне байланысты қысқы олимпиада ойындарында құқықтық тәртіпті күзететін 1 мың  200-ден астам қызметкер жұмыстан шеттетілген еді. Қазір олардың барлығы да карантинде. Олардың орнына 900 сарбаз жұмыс істеп жатыр.

Мамандардың айтуынша, вирустың  таралуына лас су себеп болуы мүмкін. Норовирус ішек грипінің бір түрі. Олимпиаданы ұйымдастыру комитетінің мәліметінше, қазір құбыр сулары мен азық-түлік тексерістен өткізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу