banner

Польшада қазақ боксшылары 4 алтын медальге қол жеткізді

766

Польшада қазақ боксшылары 4 алтын медальге қол жеткізді

Польшаның астанасы Варшава қаласында өткен "Феликс Штам-2018" турнирінде қазақ боксшылары төрт бірдей алтын медаль иеленді, деп хабарлайды 24.kz.

56 келіге дейінгі салмақта Ілияс Сүлейменов бірінші болып құрамаға алтын алып келсе, ең үлкен жүлдені екінші болып Бекдәулет Ибрагимов жеңіп алды. 64 келіге дейінгі салмақтағы Бекдаулет Ибрагимов поляк Дамиан Дуркачтан финалда басым түсті. Төрешілер ешбір күмәнсіз жеңісті біздің боксшыға берді.

69 келіге дейінгі салмақта шешуші сайыста қазақстандық боксшы Асыланбек Шымбергенов ресейлік Сергей Собылинскимен кездесті. Айқас төрешілердің бір ауыздан шешімімен Шымбергеновтың жеңісімен аяқталды.

Бұған дейін қазақстандық чех боксшысы Зденек Хладек пен Германияның намысын қорғаған Магомед Щачидовты жарыс жолынан шығарған еді.

Ал төртінші алтынды аталмыш турнирде құрама үшін Антон Пинчук (91 келі) алып берді. Ол финалда Арсланбек Ачиловтың бетін қайтарды.

Финалға шыққанымен Абай Төлеш (75 келі) пен Әділбек Ниязымбетов (81 келі) жоғарғы жүлдеге қол жеткізе алмай, күміс медальді қанағат тұтты. Ал құрамамыздың тағы бір боксшысы Айболды Дәуренұлы (+91 келі) турнирде қола медаль иеленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу