Қазақстан мен Өзбекстанды қамтитын экспедиция ұйымдастырылады

787

Қазақстан мен Өзбекстанды қамтитын экспедиция ұйымдастырылады

2018 жылдың 10-ы мен 30 мамыр аралығында QazaqGeography қазақстандық ұлттық географиялық қоғамы Солтүстік және Оңтүстік Аралға ғылыми-танымдық экспедиция ұйымдастырады, деп хабарлайды географиялық қоғамның баспасөз қызметінен.

Сапар Астана – Қарағанды – Балқаш – Шу – Тараз – Шымкент – Ташкент – Самарқанд – Бұхара – Үргеніш – Нөкіс- Мойнақ – Арал теңізі – Бейнеу – Бозой – Арал теңізі – Арал – Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Астана бағытын қамтып, 7 мыңға жуық шақырым қашықтыққа созылады.

Экспедиция  "Тойота Мотор Қазақстан" және "Top Oil" компанияларының қолдауымен өтеді.

QazaqGeography тобына жол талғамайтын көлік жүргізушілерін, сондай-ақ аспазды, дағдыланушы дәрігерді, журналистерді, фотографтар мен блогерлерді жинайды. Барлық жол талғамайтын көліктер жанармаймен және мотор майын ауыстырумен қамтамасыз етіледі. Экспедицияға қатысу тегін, бірақ әрбір қатысушы QazaqGeography мүшесі болуы керек. Мүшелікті https://qazaqgeography.kz сайтында рәсімдеуге болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу