Рапс майлы дақылын өсіруде фермерлер салғырттық танытты

1211

Рапс майлы дақылын өсіруде фермерлер салғырттық танытты

"Атамекен" ҚР КҰП агробіліктілік орталығы қарастырған семинарлар аясында елордаға Канададан өсімдік шаруашылығының маманы Джон Герер келіп, Ақмола облысы "Немац" неміс аграрлық орталығы мен Қостанай облысындағы "Қостанай" аграрлық салада білім тарату орталығында 3 күндік семинар өткізді.
Семинар барысында фермерлер май дақылдарын, оның ішінде рапсты күтіп-баптау ерекшеліктері туралы көп мағлұмат алды, деп хабарлайды  palata.kz.
Аумақты әртараптандыру үшін, бидайдың дара дақылының кері әсерін жою мақсатында 2012 жылы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен облыс әкімдіктері арасында бидай егістігін азайтып, мал азығы дақылдарын, бұршақ, майлы және жем-шөптік дақылдарды көбейтуді қарастыратын меморандумдар жасалған.
Бұл мақсатта фермерлерді бұрын өсіріп көремеген жаңа дақылдарды өсіруге үйрету, оқытудың маңызы жоғары. Канадалық сарапшы Қазақстанда ауыспалы егістіктің көмегімен топырақтың құнарлылығын қалай жақсарту керектігі жайлы айтып берді.
Джон Герердің айтуынша, Қазақстанда бірнеше жыл бұрын рапс егіндігіне зиян келді. Фермерлер қырыққабат күйесін анықтады. Өкініштісі, олар жедел күресе алмады. Химиялық заттарды пайдалану тым кеш еді, себебі қырыққабат күйесі таралып кеткен. Бұл жағдайда химиялық тазалау тиімсіз болды. Бұл шараларды сәл ертерек атқару керек еді. Фермерлердің уақытылы атқармағандығынан егістік түгелімен жойылды. Осылайша туындаған зиянкестер мен түрлі аурулар аграномдарға рапс егуге кедергі келтіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу