Ресейдегі атысты атышулы террорлық топ мойнына алды

738

Ресейдегі атысты атышулы террорлық топ мойнына алды

Дағыстанның Кизляр қаласындағы атысты "Ирак және Левант лаңкестік тобы" мойнына алды. Бұл туралы содырлардың ақпараттық белсенділігін бақылайтын ұйым хабарлады, деп жазады 24.kz.

Бұған дейін белгілі болғандай қаскүнем 22 жастағы Халил Халилов есімді жергілікті тұрғын болып шықты.

Ресейлік БАҚ хабарлауынша, ер адам "Ирак және Левант лаңкестік тобы" мүшесі болған. Ол ұйымға шамамен бір жыл бұрын кіріпті.

Куәгерлердің айтуынша, ер адам Масленица діни мейрамынан кейін шіркеуден шығып келе жатқандарды мылтықпен атқан. Салдарынан 5 әйел қаза тапқан. Тағы 4 кісі жараланды. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары лаңкесті атып өлтірген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу