Ресейден Қазақстанға туристер жиі келе бастады

845

Ресейден Қазақстанға туристер жиі келе бастады

Биыл Қазақстан ресейлік туристер арасында танымал бағыттардың бірі болды, деп хабарлайды kazembassy.ru ТурСат агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттік берген мәліметтерге қарағанда, 2017 жылдың тоғыз айында Қазақстанға Ресейден 2,3 миллион турист келген. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан ресейлік туристер үшін Түркия, Абхазия және Финляндиядан кейінгі орында деген сөз.

Түркияға қаңтар-қыркүйек айларында 3,9 млн адам саяхаттаған болса, Абхазияға – 3,5 млн, Финляндияға 2,5 млн турист барған.

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ресейлік туристердің жалпы саны биылғы тоғыз айда отыз пайызға көбейіп, 31 миллионға жеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу