Режиссер Ақан Сатаев "Еуразия жүлдесі-2017" марапатын иеленді

794

Режиссер Ақан Сатаев "Еуразия жүлдесі-2017" марапатын иеленді

Режиссер Ақан Сатаев Еуразия шығармашылық одағының шешімімен "Еуразия жүлдесі - 2017" марапатын иеленді. Ол "Кинорежуссура" номинациясы бойынша лауреат атанды, деп хабарлайды Brod.kz.

Марапат салтанатты түрде Алматыдағы Ресей Федерацияның бас елшілігінде өтті.

"Еуразия жүлдесі" 2013 жылдан бері музыка, әдебиет, кинематограф, өнер және ғылым салалары бойынша беріліп келеді.

Айта кетейік, аталмыш марапатты еліміздегі театр және кино актері Асанәлі Әшімов, композитор Арман Дүйсенов, ақын Олжас Сүлейменов, "АРТиШОК" театрының жетекшісі Галина Пьянова иеленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу