Сарапшы: базалық мөлшерлеме 10 пайызға дейін түсуі мүмкін

954

Сарапшы: базалық мөлшерлеме 10 пайызға дейін түсуі мүмкін

Жыл соңына қарай Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 25 базистік пунктке, төмендетіп, 10 пайызға дейін түсіруі мүмкін. Осылайша, банктердің несиелері мен салымдарының мөлшерлемелері де азаяды. Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының өкілі Павел Афанасьев осындай пікір айтып отыр. Сарапшының айтуына қарағанда, қаржы реттеушісінің жақындағы шешімі қаржыгерлер үшін тосын жағдай болған. Себебі, жақында ғана экономистер базалық мөлшерлеме күзде түсуі мүмкін деп болжам жасаған.

Естеріңізге салайық, базалық мөлшерлемеге қатысты Ұлттық банктің келесі шешімі 9-шы қазан күні белгілі болады

Павел Афанасьев Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығының сараптама бөлімінің басшысы

Біздің сауалнамамызға қатысқан сарапшылар базалық мөлшерлеме әзірге түспейді деген болатын. 10,5 пайыздың деңгейінде сақталады дегендер көп болды. Алайда базалық көрсеткіш түсті. Бұл экономикамызда оң үрдістердің басталғанын байқатады. Өйткені базалық мөлшерлеме 25 базистік пункте түскені орталық банктің экономикалық жағдайға жақсы баға бергенімен бірдей.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу