Сарапшы: Үлескер құрылысты жүргізетін компанияның құжаттарын тексеруі керек

1324

Сарапшы: Үлескер құрылысты жүргізетін компанияның құжаттарын тексеруі керек

Сарапшының айтуынша, үлестік құрылысқа қатысушының жиі жіберетін басты қателіктері, құжаттармен толық таныспауы, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

Бүгінде Астанада жекелеген инвесторлар мен құрылыс компаниялар арасында туындап жатқан мәселелерді қалалық әкімдік шешуге атсалысып жатыр. Туындап отырған басты мәселе, үлестік құрылысқа қатысу кезінде құжаттармен толық таныспай келісімшартқа отыру.

Астана қалалық "ОДА" үлескерлер қоғамдық бірлестігінің төрайымы Татьяна Чурсина бірінші кезекте жеке инвестор құрылыс нысанының рұқсаттама құжаттарына назар аударғаны дұрыс дейді.

"Рұқсаттама құжаттары деген не? Ол: компанияда жер телімі, үлгілік жобасы, сараптама және құрылыс жүргізуге рұқсаттама құжаты болуы тиіс. Сатып алуға ниетті адам осы құжаттармен танысқан соң, жобада жоқ пәтерді сатып алмайды. Яғни жобалық сметада 72 пәтер болса, ол өзі қорытыңды жасап, кейбіреулер сияқты үлгіде жоқ 98-ші пәтерді сатып алмайды", - деді төрайым.

Үлескер құрылысты жүргізетін компанияның құжаттарын тексеруі тиіс. Егер оны тексеру өзіне қиындық тудырса, ол осы жылдың тамыз айынан бастап жұмыс істей бастаған үлескерлерді қолдау орталығына жүгінсе болады.

Орталықта прокуратура, қалалық ІІБ, мемлекеттік кірістер департаменті, әділет басқармасы, сәулет және қала құрылысы басқармасының өкілдері отырады. Орталық қызметкерлерінің міндеті, арызданушыдан арыз қабылдап, сол арыз негізінде көмек көрсету.

Қазір орталық аптасына үш күн жұмыс істейді. Дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері, сағат 9-дан 12-ге дейін, "Сарыарқа" ХҚК орталығында қабылдайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу