Саудия екі атом электр станциясын салады

870

Саудия екі атом электр станциясын салады

Саудия билігі алдағы он жыл ішінде көгілдер отын, яғни, газ өндірісін екі есеге арттыруды жоспарлап отыр. Бұл жайында аталмыш елдің энергетика министрі Халид әл-Фалиһ мәлім етті, деп хабарлайды islam.kz.

Сондай-ақ, министр экологиялық жағынан зиянсыз таза технологияға құйылатын инвестиция мөлшерін арттырудың маңыздылығына тоқталып, мұнайға сұраныстың бұрынғыша жоғары болып қалатынын айтты. Сөз соңында ол Саудияның мұнай өндірісін барынша арттыру үшін инвестиция құюды жоспарлап отырғанын да жеткізді. Ең бастысы, көп ұзамай ел аумағында екі атом электр станциясы салынатынын жария етті.

Айта кетсек, Саудия бүгінгі таңда ел аумағында өндірілетін газдың басым бөлігін ішкі нарыққа жібереді: жылына 110 млрд текше метрге дейін. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу