Семей полигонын шаруашылыққа жарамды ету үшін 9 миллиард теңге қажет

939

Семей полигонын шаруашылыққа жарамды ету үшін 9 миллиард теңге қажет

Семей полигонын ауылшаруашылығына жарамды ету үшін 9 млрд теңге қажет. Бұл туралы Ұлттық ядролық орталық филиалының оқыту-ақпараттық орталығының жетекшісі Юрий Стрильчук айтты.

Оның сөзінше бұрынғы сынақ алаңы 18 мың шаршы шақырым аумақты алып жатыр. Ал полигонның территориясын шаруашылық қажеттілікке қайтару жердің жетіспеуінен туындаған. Қазірдің өзінде ядролық алаңға жақын тұратын адамдар оның шекарасында көкөніс өсіріп, мал жаюға мәжбүр. Тұрғындарды қауіпсіздендіру және қоршаған ортаның экологиялық ахуалын жақсарту үшін ғалымдар полигонның жалпы аумағының 50 пайызына зерттеулер жүргізген. Ол жерді өнеркәсіп, көлік, байланыс және ғарыш салаларында пайдалануға болатынын анықтады. Дегенмен, радионуклидтермен нормадан тыс мөлшерде ластанбаған учаскелер де бар. Олар әсіресе ауыл шаруашылығында пайдалы болуы мүмкін дейді ғалымдар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу