Сенат бюджет туралы заң жобасын мәжіліске кері қайтарды

884

Сенат бюджет туралы заң жобасын мәжіліске кері қайтарды

Сенат "2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын мәжіліске кері қайтарды. Заң жобасын талқылау барысында жалпы соммасы 85,6 млрд теңгенің ұсыныстары ғана мақұлданды. Оның ішінда 2018 жылға бөлінген 22 млрд теңге де бар. Осы ұсыныстарды қаржыландыру 2018 жылы мемлекеттік қордың жоспарланған көлемін 4,8 млрд теңгеге қысқарту, "Құрық" порты құрылысына алдын ала бөлінген қаржыны 16,9 млрд теңге көлеміндегі шығындарды азайту, сонымен қатар Ішкі істер министрлігінің қаражатын қайта бөлу есебінен жүзеге асырылатын болады. Сондай –ақ, 2019-2020 жылдары жаңа бастамаларға жұмсалатын шығындар қысқартылмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу