Шағын және орта бизнеске несие жеткіліксіз

1335

Шағын және орта бизнеске несие жеткіліксіз

Ал ел экономикасында шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі артып келеді. Биылғы  жылдың алғашқы жартысында осы сала бойынша шығарылған өнімдер мен көрсетілген қызметтер былтырғы жылдан 24,4 пайызға жоғарлағаны байқалған. Дегенмен, шағын кәсіпкерлікті қаржыландыруда несие тапшылығы туып отыр. Жыл басынан бері отандық екінші деңгейлі банктерде рәсімделген кредиттер 33,5 пайызға азайып, 344 млрд 900 млн теңгеге кеміпті. Есесіне, шағын қаржы ұйымдар ақша беруді еселеп жатыр. Мәселен, мұндай қарызбен жарылқайтын орталықтар биыл елдегі бизнесмендерге 43 млрд 300 млн теңге үлестіріпті. Бұл 2016 жылдан 72,7 пайызға жоғары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу