Шекарада 223 адам ұсталды

659

Шекарада 223 адам ұсталды

Мемлекеттік шекараның барлық шебі бойынша, оның ішінде Қазақстан-Қырғызстан шекара учаскесінде жүріп жатқан жоспарлы шекара операциясының басталғанына 7 күн өтті. Осы уақыт аралығында Қордай учаскесіне жауапты сарбаздар 223 адамды ұстаған, деп хабарлайды 24.kz.

Олар көші-қон заңнамасын және шекаралық режимді бұзған. Ұсталғандардың басым бөлігі, дәлірек айтсақ, 142 адам Өзбекстанның азаматы, 57 адам Қырғыз Республикасынан, 8 адам Тәжікстанның тумасы. Заң талаптарын сақтамағандардың арасында ішінара Түркия, Ресей, Әзербайжан және Ауғанстан азаматтары да бар.

Бұл азаматтардың ісі сотқа жіберілді. Енді оларға айыппұл салынатынын әлде ел аумағынан шығарылатынын немесе депортация жасалатынын сот шешетін болады.

Жалпы, Қазақстан Қырғызстан шекарасының Қордай учаскесі 245 шақырым болады. Адам мен көлік құралдарының шекарадан өтуін қамтамасыз ету үшін төрт өткізу бекеті жұмыс істейді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу