ШҚО-да 70 үйді су басты

643

ШҚО-да 70 үйді су басты

Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті су кірген үйлердің саны 70-ке жеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аягөз, Үржар, Күршім, Ұлан, Глубокое, Зайсан аудандары су құрсауында қалып, Өскемен мен Риддер қаласында бірінші ауысымдағы мектеп оқушылары, 1-2 курс студенттері сабақтан босатылды.

"Қазіргі таңда 70 жер үй мен 150 аулаға, 110 саяжай нысанына су кірген" - делінген ресми ақпаратта.

Су жайылған аудандарда облыстық және республикалық маңыздағы жолдар жабылса, таулы аудандарда көшкін қаупі бар. Төтенше жағдай, жергілікті полиция қызметкерлері, "Өскемен Тәртіп", "Водоканал", Шығыс өңірлік аэроұтқыр құтқару жасағы өкілдері 1440 құмқап төсеп, 13 000 текше метр су сорғытқан.

"Аягөз ауданында 40 үй, Өскеменде 8 үй және 27 аула, Ұлан ауданында 2 үй мен 4 аула, Глубокое ауданында 3 үй мен 53 аула, Күршім ауданында 42 аула су құрсауында қалды" - дейді төтенше жағдай мамандары.

Қарғын судың жолға шығып кету оқиғасы Күршім, Ұлан, Зайсан, Ұлан және Үржар аудандарында тіркелген. Дағдарыс орталығынан құрылған 1000 адамдық апаттық-құтқару тобының 536 өкілі қазір апат салдарымен күресуде. Сондай-ақ, 137 техника мен 27 су сорғы құрал жұмылдырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу