Шортандыда 58 адам астан уланды

729

Шортандыда 58 адам астан уланды

Ақмола облысының Шортанды ауылында жергілікті кафеде еске алуға арналған түстік астан соң 58 адам ішек инфекциясын жұқтырды, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан. 
"Еске алуға арналған түстік астан кейін өткір ішек инфекциясының 58 жағдайы тіркелді. Басым көпшілігінде уланудың жеңіл түрі, сондықтан олар ауруханаға барудан бас тартты, бірақ уланғандар арасында балалар да бар", - дейді облыстық қоғамдық денсаулықты қорғау департаментінен.

Ведомстваның мәліметіне сүйенсек, Астанада ауруханада 8 адам жатыр, бірнешеуі Ақкөл мен Астрахан ауданының ауруханасында емделуде. Департаменттің анықтауынша, ас беру 7 наурызда өткен, азық-түліктер Егемен көршілес ауылынан жеткізілген.
Қазіргі уақытта Егемен ауылы мен Шортандыдағы кафеде тексеру жүріп, улану неден болғаны анықталуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу