Шымкентте ұрлықтарын жасырмақ болғандар өз-өздеріне "шабуыл ұйымдастырған"

1032

Шымкентте ұрлықтарын жасырмақ болғандар өз-өздеріне "шабуыл ұйымдастырған"

Шымкентте сауда фирмаларының бірінің өкілі ұрлық фактісін жасырудың айласын ойлап тапқан, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі ОҚО ІІД-ге сілтеме жасап.

12 қарашада полицияға қарақшылық оқиғасы туралы хабарлама түсті. Көшелердің бірінде болған көлік оқиғасынан кейін белгісіз біреулер ірі көлемдегі қаржы сомасын қолды еткен-мыс. Полицейлер қылмыс орнында зардап шеккендерді "Приора" көлігі соғып кеткенін анықтады. 1979 жылы туған әйел мен 1986 жылғы ер адам сауда фирмасының өкілі болып жұмыс істейді және сол күні олар ірі көлемдегі ақша қаражатын әкетіп бара жатқан. Жәбірленушілердің айтуынша, оларды соғып кеткен көліктен екі жас жігіт шығып, бұлардан ақшаны күштеп тартып алған. "Ұрлық" бабы бойынша соталды тергеу басталды. Тергеу барысында полицейлер мұның барлығын зардап шеккен адамның кейпін кешкен сауда өкілі ойластырғанын анықтады. Ол кінәсін мойындады. Осылайша, ер адам фирмаға тиесілі ірі көлемде қаражатты жымқырғанын жасырғысы келген. Соталды тергеу жүріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу