banner

Siemens америкалық Mentor Graphics компаниясын $4,5 млрд-қа сатып алмақшы

769

 Siemens америкалық Mentor Graphics компаниясын $4,5 млрд-қа сатып алмақшы

Еуропадағы ірі конгламераттың бірі Siemens AG  электрондық жүйелерді жобалауды автоматтандыру үшін бағдарламалық қамтамасыз ету жасайтын америкалық Mentor Graphics компаниясын 4,5 млрд долларға сатып алмақшы, деп жазады "Интерфакс".

Siemens-тің баспасөз хабарламасында айтылғандай,  концерн Mentor-ды сатып алған соң 2020 жылға дейін кезеңге құрған стратегиясын іске  асыруға мүмкіндік алады. Siemens-тің ұсынысын Mentor-дың директорлар кеңесі мақұлдады. Siemens-тің президенті әрі  бас атқарушы директоры Джо Кезердің айтуынша, "Mentor активтер қоржынын молайтады, ол көшбасшылықты нығайтып, салаға серпін береді".

Mentor Graphics 1981 жылы құрылған. Ол бағдарламалық қамтамасыз етуді ғана емес, сондай-ақ автоматтандырудың электрондық құралдарын әзірлейді. Оның өткен қаржы жылындағы кірісі 1,18 млрд доллар шамасында болды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу