Сириядан Ресейге жеткізілгендердің арасында Қазақстан азаматтары бар

837

Сириядан Ресейге жеткізілгендердің арасында Қазақстан азаматтары бар

Сирияның әр ауданынан жинап алған қырықтан астам адам арнайы рейспен Грозныйға жеткізілді, деп хабарлайды sputniknews.kz.

Шешенстанның Грозный қаласына - 12 әйел мен 29 бала, барлығы 40 адам жеткізілген. Оның бесеуі Қазақстан азаматы, екеуі Өзбекстаннан, өзгесі - ресейліктер.
Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы Шешенстан өкілі Зияд Сабсаби тілшілерге берген мәліметінде әйелдер мен балаларды Сирияның түкпір-түкпірінен жинағанын айтты.
Қайта оралған әйелдер РФ заңы алдына келуге дайын. Бәрі өз еркімен қайтқандарын растап, қолхат жазып берді.
Шешенстан президенті Рамзан Қадыров Instagram желісінде Сириядан оралған әйелдер мен балалардың видеосын жариялаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу