СҚО-да вагон құрастыру кешені ашылады

685

СҚО-да вагон құрастыру кешені ашылады

Солтүстік Қазақстан облысында теміржол саласына қажетті техникалар жасайтын кешен ашылады, деп хабарлайды 24.kz.

Жоба алдағы 2-3 жыл ішінде жүзеге асырылмақ. Осыған байланысты Петропавлдағы зауыттардың бірінде қазір жаңғырту жұмыстары басталды. Сәтін салса, алдағы уақытта кәсіпорында жылына 5 мың жүк вагонын құрастыру жоспары бар. Өндіріс ошағының тыныс-тіршілігімен ҚР парламенті сенатының халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева бастаған делегация танысты.

Әзірге мұнда 300 миллион теңгеге қондырғылар жаңартылды. Бұл өндіріс қуаттылығын екі есеге арттыруға мүмкіндік бермек.

Айта кетейік, биылғы жылдың үш айы ішінде өңірде өнеркәсіп саласында 64 миллиард теңгенінің өнімі өндірілген.

"Қазір біздің зауыт жылына 120 платформа құрастыра алады. Мақсатымыз – әзірге бұл көрсеткішті екі есеге арттыру. Болашақта бұл жұмыстар жалғаса бермек. Биыл жалпы сомасы 23,4 миллиард теңгенің өнімін шығаруды жоспарлап отырмыз", - дейді зауыттың бас инженері Александр Аллакучуков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу