СҚО-дағы Жаңаесіл станциясында жүк жөнелтушілерге қызмет көрсететін орталық ашылды

1197

СҚО-дағы Жаңаесіл станциясында жүк жөнелтушілерге қызмет көрсететін орталық ашылды

Жаңаесіл станциясында ашылған теміржолшыларға қызмет көрсету орталығы Көкшетау, Қостанай, Қорған бағыттарына аудан ғана емес, облыс өнімдерін қамтып, халықаралық бағдарларға да жүк жөнелте алады.
Бүгінгі таңда бұл еліміздегі аудандық деңгейдегі тұңғыш орталық болып саналады. Мұны "ҚТЖ-Жүк тасымалы" АҚ филиалы Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі" басшылығы, "Атамекен" облыстық кәсіпкерлер палатасы, Солтүстік Қазақстан облысы ветеринарлық бақылау комитеті бастамашылығымен теміржол саласының тапсырыс берушілеріне арналған қызмет көрсету орталығы етіп ашты.
Жаңаесіл станциясы бастығының логистика жөніндегі орынбасары А. Петровтың айтуынша, "Орталық жүк жөнелтушілердің құжаттарды ресімдеу уақытын қысқартады. Келісім шартты мерзімінде орындауға ықпал етеді. Теміржолда вагондардың жүк тиеу, түсіру операцияларын күтіп қалуын азайтады".
Орталық қызметіне жүк жөнелтуші компаниялар ризашылықтарын білдіруде.
"Бұрын жүк жөнелтугие тиісті құжаттарды алу үшін облыс орталығын қатынайтынбыз. Қазір енді осы жерден жүк алып жүру ілеспе құжаттарын оңай ресімдейміз", - дейді "Гленкор Агрикалчер Казахстан" ЖШС өкілі Г. Ахметов.
Орталықта тауардың қайдан шыққаны, сертификаты, өнімнің зертханалық сараптау қорытындысын алуға болады. Оның сыртында орталықта ветеринарлық, фитосанитарлық қызмет түрлері бірыңғай режімде демалыссыз және мерекелік күндері де тоқтаусыз қызмет көрсетеді. Станция 14 астық өнімдері кәсіпорындары мен "Маслодел" ЖШС май зауытына қызмет көрсетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу