Солтүстік Кореядағы мәселеге Қазақстан келіссөз алаңын ұсынды

971

Солтүстік Кореядағы мәселеге Қазақстан келіссөз алаңын ұсынды

Солтүстік Кореядағы ядролық проблеманы реттеу үшін Қазақстан келіссөз алаңын ұсынуға дайын. Бұл жайында  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Ұлттар ұйымының Қауіпсіздік кеңесі жиынында мәлімдеді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы жаппай қырып-жою қаруларының таралуымен күрес жүргізу үшін ядролық қарудан азат аймақ құру қажеттігін жеткізді. Елбасы Сириядағы жағдайды реттеуде Женева мен Астана процесінің қосқан үлесі зор екенін атап өтті. Жиын қорытындысында өңірлік деңгейде превентивті дипломатия және шиеленісті болдырмау жөніндегі мәлімдемесі қабылданды. Айта кету керек, бұл Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінде саяси міндеттеме жүктейтін халықаралық акт ретінде алғаш рет қабылданып отыр.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті  "Әлемдік қоғамдастық - алуан түрлі және көп қырлы сипаты арқылы күшейе түскен біртұтас организм. Ол жер бетіндегі ұлттар мен халықтар арасында теңгерім мен үйлесім болған кезде ғана алға басып, дами алады. Сол себепті, біз құқық үстемдігіне негізделген қауіпсіз әлем мен әділетті әлемдік тәртіпке бірлесе қол жеткізуіміз керек. Бұл істе Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің рөлі зор және оған тарихи миссия жүктелетіні де сөзсіз"

 

  Арай Сүгірбай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу