Сот Delta Bank-ті мәжбүрлеп тарату туралы шешім шығарды

871

Сот Delta Bank-ті мәжбүрлеп тарату туралы шешім шығарды

2018 жылдың 13 ақпанында Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты "Delta Bank" АҚ-ны мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚДКБҚ баспасөз қызметі.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) "Delta Bank" АҚ салымшыларына кепілдік берілген өтемді төлейді. Банктің клиенттері – жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер өтемді алуға құқылы.

Кепілдік берілген өтемді төлеу бойынша ҚДКБҚ міндеттемелерінің сомасы шамамен 130 миллион теңгені құрайды. Өтемді алуға құқығы бар клиенттер – жеке тұлғалар саны – 2 239 адам.

Төлем ҚДКБҚ-ның арнайы резерві қаражатынан жүзеге асырылатын болады. Кепілдік берілген өтемді төлеуге арналған ҚДКБҚ қаражатының жалпы сомасы 571,6 миллиард теңге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу