Спорт журналистері арасында байқау жарияланды

958

Спорт журналистері арасында байқау жарияланды

ҚР мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитеті спорт журналисі, қоғам қайраткері Сейдахмет Бердіқұловтың жүлдесіне арналған байқау жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Екі жүлде мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында қазақ тілінде жазылған материалға берілсе, бірі - орыс тіліндегі жұмыс үшін табысталады.

Байқауға ұсынылатын жұмыстардың басты тақырыптары:

1.  Чемпионаттарда, Әлем және Азия кубоктарында, халықаралық гран-приде, "А" категориялы турнирлерде, Қазақстан біріншіліктерінде қазақстандық спортшылардың өнер көрсетулері;

2.  Қазақстандық БАҚ-тың бұқаралық, паралимпиадалық, ұлттық және балалар спорт түрлері (Паралимпиадалық жарыстар, ұлттық спорт түрлері бойынша фестивальдар, марафондар мен ауылдық ойындар) туралы материалдары;

3. Дене шынықтыру және спорт проблемалары және оларды шешу жолдары туралы мақалалар, материалдар, очерктер;

4. Спорт тақарыбындағы телевизиялық, радио бағдарламалар, деректі фильмдер, газет немесе журналға шыққан мақалалар;

5. Қазақстан жазушыларының авторлық жұмыстары (кітаптар, спорттық энциклопедиялар және т.б.).

Байқау жеңімпаздары арнайы дипломпен, "Сейдахмет Бердіқұлов байқауының лауреаты" төсбелгісімен және ақшалай сыйақымен марапатталады. Өтінімдер мен жұмыстар Астана қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 8 мекенжайындағы спорт және дене шынықтыру істері комитетінде 2017 жылдың 15 желтоқсанына дейін қабылданады. Сонымен қатар, өтінімді rauhan_13@bk.ru поштасына жіберуге болады.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу