Су алған мектептің 98 оқушысы көрші ауылға қатынайтын болды

872

Су алған мектептің 98 оқушысы көрші ауылға қатынайтын болды

Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары Аранды ауылындағы №97 орта мектептің ауласына жайылған суды арнайы техникамен толықтай тартып алды. Қазір, мектеп аумағында арнайы тексеру комиссиясы жұмыс істеуде. Бұл туралы облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Алмат Ізбасар мәлімдеді, деп хабарлайды syrboyi.kz. 

"Қазіргі кезде облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, білім ордасының жағдайын тексеру үшін арнайы жұмысшы комиссиясы құрылды. Қорытындысын алдағы күндері белгілі болады. Сондай-ақ, жөндеу жұмыстары да атқарылады, оқу процесі жалғасатын болады", - деді облыстық құрылыс, сәулет және қара құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Алмат Ізбасар. 

Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Бағдат Бердәулетов өз сөзінде, №97 мектептің оқушылары көрші ауылдағы мектепте оқуын жалғастыратын болады деп атап өтті.

"Қазір Аранды елді мекенінің оқушылары көрші Қожабақы аулындағы 624 орындық мектепте білімдерін жалғастырады. Бүгінгі таңда, онда 300 бала бірінші ауысымда білім алады. Ал Арандының 98 оқушысы екінші ауысымда оқитын болады. Қазалы ауданының әкімдігі оқушылар мен мұғалімдерге арнап арнайы көлік бөлді", - деді Бағдат Бердәулетов.

Сонымен бірге, тұрмысы төмен отбасылардың балалары ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Асқар Төлешовтің айтуынша, ауа-райының күрт өзгеруіне байланысты, жауын-шашын, қардың еруінен су мектеп ауласына жайылған. Бүгінде су толықтай тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу