Судьялардың жүктемесін азайту ұсынылды

1557

Судьялардың жүктемесін азайту ұсынылды

ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Жақып Асановтың судьялардың жүктемесін азайтуды көздеп отыр. Ол үшін заманауи ақпараттық технологиялар пайдаланылмақ, деп хабарлайды abctv.kz. 
Оның айтуынша, осы күні судьяларға артылған жүктеме көп және ол уақыт өткен сайын өсіп жатыр.
Судьялардың жүктемесі соңғы бес жылда екі есе артқан. Мәселен, 2013 жылы әр судья айына шамамен 70 материал қараса, бүгінде қаралатын істің саны 130-дан асты. Ал облыс орталықтарындағы, Алматы мен Астана қалаларындағы судьялардың жүктемесі одан да көп. Нақтырақ айтсақ, 200-300 материалға дейін барады. 
"Сонда әр судья күніне 10-ға жуық іс пен материалды қарайды. Біз аталған бағытта тиісті шараны қабылдап жатырмыз. Алайда, қазір судьялар өзін-өзі жетілдіруі керек. Жүктемені азайту үшін заманауи ақпараттық құралдарды пайдалану қажет", – деді Жақып Асанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу