Tengri bank пен Capital bank қараша айында бірігеді

919

 Tengri bank пен Capital bank қараша айында бірігеді

Қарашаға қарай Tengri Bank пен Capital bank банктер бірігуге дайын болады. Бұл туралы Тенгри банктің басқарма төрағасының орынбасары Мұхтар Бекқали мәлімдеді. Аталған мерзімге дейін қос банктің активтердің сапасы тексеріліп, корпаративтік басқару, ортақ стратегия құру секілді мәселелер жолға қойылады. Егер ұлттық банк рұқсат берсе, 1 желтоқсаннан бастап бір қаржы құрылымы ретінде жұмыс істей бастайды. Жаңа қаржы институты Тенгри банк деп аталмақ, ал оның жалпы қаражат қоры 208 млрд теңгеге жетеді деп жоспарлануда.

Айта кетейік, Капитал және Тенгри банктері ақпан айында бірігетінін мәлімдеген болатын. Сондай-ақ, Тенгри банк өкілі Ұлттық банк ұсынған банктерді сауықтыру жөніндегі бағдарламаға мұқтаждық әзірге байқалмайды деді.

Мұхтар Бекқали, Tengri Bank АҚ басқарма төрағасының орынбасары: "...біздің банктердің өзіндік ерекшеліктері бар. Капитал банк бөлшектік банк, айти саласы, мобильді жүйесі жақсы жетілген. Ал тенгрибанктің ірі акционері Үндістанның Пинжаб банкі. Екіншіден біздің бөлімшелеріміз кең таралған. Үшіншіден біз шағын және орта бизнеспен тығыз жұмыс істейміз. Егер осындай екі банк қосылса, күшті құрылымға айналуға болады.."

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу