banner

Тимур Құлыбаев: Ауыл кәсіпкерлері шағын шаруашылықтарды біріктіру тиімді екенін түсініп отыр

1067

Тимур Құлыбаев: Ауыл кәсіпкерлері шағын шаруашылықтарды біріктіру тиімді екенін түсініп отыр

Ауыл кәсіпкерлері шағын агробизнесті дамытуда кооперацияның тиімділігіне сенімді, алайда бұл бағытқа мемлекет тарапынан ары қарайғы қаржыландыру қажет. Осы бағыттың келешегі фермерлерді алаңдатады. Осы мәселе агроөнеркәсіп кешені комитетінің төрағасы Иван Сауэр мен "Атамекен" ҚР КҰП төралқа төрағасы Тимур Құлыбаевтың жұмыс кездесуі барысында талқыланды, деп хабарлайды палатаның бас.пасөз қызметі.

Ауылда шағын шаруашылықтарды қолдаудың маңызды бағыты "Атамекен" үшін де өзекті, ұлттық палата өкілдерінің пікірінше бірлесу арқылы тиімді өндірісті жүргізу, өнімді өткізу мәселесін шешу, импортты алмастыру, шаруашылық табысын жоғарылатып, ауыл тұрғындарының тұрмыс деңгейін арттыруға болады.  

"Бұл бағытқа қаражат бөлінген және "Атамекен" КҰП ауыл шаруашылығы министрлігін ауыл шаруашылығы кооперациясы даму бағдараламасының қозғалысы "ҚазАгро" арқылы жүргізіле беруі тиімді екенін сендіруге тырысады. Осы күндері біз барған өңірлердегі ауыл кәсіпкерлері шағын шаруашылықтарды біріктіру тиімді екенін түсініп отыр", – деді Тимур Құлыбаев.   

Қазақстанда 1 160 ауылшаруашылық-өндірістік кооперативі құрылған, олар былтырдың өзінде өңдеуші кәсіпорындарға деп тұрғындардан 132,2 мың тонна сүт, 19,1 мың тонна ет сатып алған. "Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры" АҚ арқылы кооперативтер 27,1 млрд теңге көлемінде қаржыландыру алған. Бұл қаражат ірі қара мал, ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдық алуға жұмсалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу