Төрт бірдей министр жұмыстан босатылды

726

Төрт бірдей министр жұмыстан босатылды

Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұxамедов төрт бірдей министрді қызметтерінен босатып, ондаған шенеунікке қатаң сөгіс жариялады. Мұндай шешімді Түрікменстан басшысы он бір айдың қорытындысы бойынша өткен үкімет отырысында қабылдады, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, өздеріне жүктелген міндетті дұрыс орындамағаны үшін өнеркәсіп министрі Аманберди Туйлиев, еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау министрі әрі зейнетақы қорының басшысы Сейитмаммед Акмаммедов, теміржол көлігі министрі Дерьягулы Бяшимов, сондай-ақ ауыл мен су шаруашылығы министрі Нурсаxед Сапардурдыев лауазымдарынан босатылды.

Үкімет отырысы кезінде аталған ведомстволарда қызмет бабын асыра пайдалану, пара беру, жемқорлық пен мемлекет қаржысын жымқыру әрекеттерінің анықталғаны да жарияланды. Бұдан бөлек, жұмыста жіберілген олқылықтар үшін вице-премьер Гочмырат Мырадов, энергетика министрі Чарымырат Пурчеков, сауда және сыртқы байланыс министрі Доврану Оразмырадов, мұнай өңдеу зауыттарының бас директоры Довлетмырат Бяшимов және тағы басқа лауазымды тұлғалар қатаң сөгіс алды. Соңғы ескерту алғандар да бар.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу