Тұрғынүйге жарылғыш қойылғаны туралы жалған ақпар берген адам ұсталды

802

Тұрғынүйге жарылғыш қойылғаны туралы жалған ақпар берген адам ұсталды

Теміртауда терроризм туралы жалған хабар берген 58 жастағы тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 
Полиция мәліметінше, ақпанның 18-інен 19-ына қараған түні "112" қызметіне белгісіз біреу хабарласып, жетінші шағын аудандағы №31 үйде жарылғыш құрылғы қойылғанын айтқан. Оқиға орнына жедел қызметтер аттанып, 17 тұрғын қауіпсіз жерге шығарылды. ІІД қызметкерлері үйді тінтіп шыққанымен, бомба табылмаған.
"Іздеу шаралары барысында 58 жастағы қала тұрығыны ұсталды. Күдіктінің қолында жедел қызметке қоңырау шалған ұялы телефоны болған", — деп хабарлады полиция.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып кетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу